$ 447.4  477.55  4.76

Коронавирусқа байланысты «Грэмми» премиясын табыстау рәсімі кейінге қалды

Басылымның мәліметіне сәйкес, салтанатты рәсімнің өтетін нақты күні жарияланбай отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

АҚШ дыбыс жазу академиясының "Грэмми" премиясын табыстау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді. Ол 31 қаңтарда өтуі тиіс болатын.

Бұл туралы Rolling Stone журналы хабарлады.

Басылымның мәліметіне сәйкес, салтанатты рәсімнің өтетін нақты күні жарияланбай отыр. Алайда ұйымдастырушылар наурыз айында болуы мүмкін екенін айтты.

"Грэмми" - шоу-бизнес әлеміндегі ауқымды премия. Ол жыл сайын табысталады. Музыкалық әлемдегі басты оқиға саналады. Әншілердің, дыбыс жазушылардың және продюсерлердің еңбегі еленеді.

Еске сала кетсек, қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Saint jhn "Roses" әніне жазған ремиксі "Үздік ремикс" номинациясында 2020 жылғы Грэмми сыйлығына ұсынылды. Imanbek 20 жастағы ақсулық диджей және музыкалық продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары