85 жастағы Рим папасы Франциск алдағы апта басында коронавирусқа қарсы екпе салдырмақ. Рим папасының айтуынша, екпе салдыру әр адамның моральдық-этикалық парызы деп есептейді. Ал, екпе салдыруға қарсылық танытқандарды өз-өзіне қол жұмсау туралы шындықты жоққа шығарумен өмір сүретін адамдар деп атады.
Ал, Үндістанда 2021 жылдың шілде айына қарай 300 млн-ға жуық азаматқа екпе салу жоспарланып отыр. Екпені алғашқылардың бірі болып медицина және төтенше жағдайлар қызметкерлері алады.
Испанияда қалың қар жаууына байланысты кейбір өңірлерде жедел жәрдем жұмысы тоқтап қалған. Билік ауруханалардың электр қуатынсыз қалуынан қауіптенуде, сондай-ақ бұл эпидемиологиялық жағдайдың қайта өршуіне әкелуі мүмкін. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Испанияда пандемия басталғалы 2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып, салдарынан 51,8 мың адам көз жұмған.
Францияда коронавирус инфекциясымен күрес аясында 8 департаментте коменданттық сағаттың басталуы сағат 20:00-ден 18:00-ге ауыстырылды. Алдағы сейсенбіден бастап Жоғарғы Прованс Альпілері мен Вар департаментінде кеңейтілген коменданттық сағат енгізілмек. Осылайша, 15 департаменттен тұратын жаңа шектеу режимінің аймағы Францияның бүкіл шығысын, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының бір бөлігін қамтыды. Бірақ, ел билігі мемлекетте үшінші рет локдаун енгізуді жоспарланбағанын айтып отыр.