Америка сарапшылары коронавирус инфекциясының жергілікті штаммының пайда болу мүмкін екендігін мәлімдеді. COVID-19 бұл түрі әдеттегіден 50% жұқпалы болуы мүмкін деп болжануда.Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
⠀
Осы қыста елде жаз мезгіліне қарағанда індеттің таралуы екі есе өскені байқалған.
⠀
"Мұндай жедел таралу АҚШ-та коронавирустың "британдық" нұсқасымен қатар өз штаммының пайда болғанын көрсетеді", - дейді мамандар.
Сонымен қатар, COVID-19-дың басқа түрлеріне қарағанда 40-70% жылдам таралатын "британдық" штамм АҚШ-тың сегіз штатында анықталған: Нью-Йорк, Калифорния, Флорида, Колорадо, Техас, Джорджия, Коннектикут және Пенсильвания.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирустың «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталғандығы туралы ақпарат жарияланды.