$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз елі Pfizer вакцинасынан бас тартты

Вакцинациялау үшін арнайы тоңазытқыштар қажет. Ал бюджетте оны алатын қаражат жоқ.
фото: seurasia.expert
фото: seurasia.expert

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтауға арналған тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

"Бізге америкалық Pfizer вакцинасы ұсынылды. Алайда вакцинаны -70 градус температурада сақтау керек. Біз миллионнан астам дозаны тегін бергіміз келді. Вакцинациялау үшін арнайы тоңазытқыштар қажет. Бірақ бізде мұндай тоңазытқыштар жоқ", - деді министр мемлекеттік "Бірінші радиоға" берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мұндай температураны ұстап тұра алатын тоңазытқыш шамамен 4 мың доллар тұрады. Ал бюджетте ондай қаражат жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары