$ 443.37  474.49  4.83

Қоғам белсендісі халықты көшеге шығуға шақырды

Қорықпаңдар, көшеге шығыңдар. Мен үшін шықпаңдар, болашақ үшін шығыңдар!
Фото: iz.ru
Фото: iz.ru

Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный 18 қаңтар күні полиция бөлімшесінде отырып Ресей халқына «Қорықпаңдар, көшеге шығыңдар. Мен үшін шықпаңдар, болашақ үшін шығыңдар», - деп үндеу жасады. Ұзамай Навальныйдың штабы митингіні 23 қаңтарға белгіледі.

Улану оқиғасынан кейін біраз уақыт бойы Германияда болған саясаткер 17 қаңтар күні қайтадан Мәскеуге оралатынын, «Победа» әуе компаниясының рейсімен ұшып келетінін мәлімдеген. 

Азаттық радиосының жазуынша, Кремль Навальныйдың оралуын ірі оқиға етіп көрінуіне мейлінше кедергі келтіруге тырысқан. Алдымен журналистерге әуежайдан Навальныйдың келуін фото-видеоға түсіруге тыйым салды. Сол күні саясаткер келуі тиіс әуежайды қоршауға алып, айналасын автозакпен толтырды оппозиционер жақтастарын бірінен соң бірін ұстап жатты.

Бірақ Мәскеу жоспары жүзеге аспады. Журналистер жаппай Навальный ұшып келмек болған рейске билет алып, рейстен бастан-аяқ хабар таратумен болды.

Әуе ұшақтардың қозғалысын тіркеп отыратын Flightradar24 қызметі Навальныйдың ұшағын 60 мыңнан астам адамның бақылап отырғанын айтты.

Қону уақыты жақындаған сайын әуежай маңына жиналғандар қатары арта берді. Бірақ соңғы сәтте ұшақ бағытын өзгертіп, алдын ала мәлімделген «Внуковоға» емес «Шереметьево» әуежайына қонды.

Кедендік бақылаудан өтер сәтте полиция тобы Навальныйды ұстап әкетті. Саясаткерді қайда әкеткені, оған не болғаны келесі күнге дейін белгісіз болды. Келесі күні полиция кеңесінде сот отырысы өтіп, онда прокурор Навальный алдыңғы жазаның шарттарын бұзған-бұзбағанын анықтау жөніндегі отырысты бөлек өткізуді сұрады. Судья ол отырысты 29 қаңтарға белгілеп, Навальныйды 30 күнге қамауға үкім кесті.

Саясаткерді әуежайдан ұстап әкеткеннен санаулы сағат өткенде халықаралық Amnesty International ұйымы Навальныйды ар-ұждан тұтқыны деп атап, дереу босатуды талап етті.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Навальныйдың қамауға алынуын оппозицияның үнін өшіру әрекеті деп атап, Кремльді айыптады.

Оқи отырыңыз: Навальный ісі: АҚШ пен ЕО Ресейге қатаң ескерту жасады

Meduza.io басылымының жазуынша, Навальныйды босату талап етуші елдер қатарында АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания, Германия, Франция, Австрия, Чехия, Дания, Италия, Канада, Латвия, Литва, Эстония, Польша елдері бар. Басылым бұл қатарға БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқармасы, Еуроодақтың бас дипломаты Жозеп Боррель, Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен, Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель қосылды дейді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары