$ 448.15  483.46  4.86

Англияда халықты жаппай жедел тестілеу басталады

Қазір Олимпиада 23 шілде - 8 тамыз аралығына жоспарланған және «Токио-2020» ресми атауы да сақталған.

Англияда коронавирустың оңтүстік африкалық штаммының таралуын анықтау мақсатында "Есіктен есікке" әдісі бойынша халықты жаппай жедел тестілеу басталады.

Тексерулер кездейсоқ тестілеудің оң нәтижесі адамдардың Оңтүстік Африка Мемлекетіне сапарларымен байланысты емес болған аудандарда жүргізілуде. 

Ғалымдар өткен жылдың қазан айында Оңтүстік Африкада алғаш рет анықталған жаңа штамм вакциналарға сезімталдығы аз және «қалыпты» Covid-19-бен ауырған адамдарға қайта жұқтыру қаупін тудыру мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіруде.

Лондондық Таймс басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Жапония үкіметінде Олимпиада өткізуден бас тарту туралы пікір басым деп жазған, бірақ соңғы шешім әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдайдың дамуына байланысты наурыз айының соңында қабылданады. Олимпиада көрерменсіз өтуі де мүмкін. Қазір Олимпиада 23 шілде - 8 тамыз аралығына жоспарланған және «Токио-2020» ресми атауы да сақталған. 

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің жарияланған мәліметтеріне сәйкес, вакцинаның екінші дозасын алған елдің 715 425 тұрғынының 317-сі немесе 0,04%-ы коронавирус жұқтырған, олардың тек 16-сы ауруханаға жатқызуды қажет еткен. Өткен жылы жүргізілген сынақтардан кейін Pfizer концерні өз препараттарының 92% қорғауды қамтамасыз ететіндігін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары