$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ Навальныйды босатуды талап етті

Микс пен Макколдың мәлімдемесінде "Путиннің режимі арсыз коррупциясы үшін жауапкершілікке тартылу керектігі" жазылған.

АҚШ Сенатының Өкілдер палатасындағы сыртқы істер бойынша комитет төрағасы Грегори Микс пен республикашыл-сенатор Майкл Маккол Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Abai.kz хабарлады.

Екі саясаткер оппозиционер Алексей Навальныйды және акциялар кезінде қамалған мыңдаған адамды тез арада босатуды талап етіп, журналистердің қамалуын сынға алды.

Микс пен Макколдың мәлімдемесінде "Путиннің режимі арсыз коррупциясы үшін жауапкершілікке тартылу керектігі" жазылған.

2 ақпанда Мәскеуде "Ив Роше" деп аталған бұрынғы іс бойынша Алексей Навальныйдың шартты жазасын абақтыда өткізу жазасымен алмастыру мәселесі қаралады. 2014 жылы "Ив Роше" ісі бойынша саясаткерге шартты жаза берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары