$ 498.34  519.72  4.85

«Біз қулыққа барамыз»: Навальныйдың жақтастары 14 ақпанда тағы да митингке шығады

23-31 қаңтарда және 2 ақпанда өткен наразылық шаралары полиция тарапынан жаппай күш көрсетумен, белсенділердің ұсталуымен аяқталды. Полиция электрошокерлер қолданды.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Ресейдің қамауда отырған оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйды босатуды талап еткен кезекті митинг 14 ақпанда өтеді. Осылай деп Навальныйдың аймақтық штабының жетекшісі Леонид Волков мәлімдеген. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Сentralasian.org дерегіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Кезекті акция 14 ақпанда өтеді. Біз бүгін-ертең оның қалай өтетінін айтамыз. Бұл жолы басқаша форматта өтеді. Біз қулыққа барамыз, полициямен қақтығыспаймыз", - деді Волков.

Кейін акция форматы белгілі болды: "Навальный штабы Ресей тұрғындарын 14 ақпанда, кешкі 20:00-де жәй ғана есік алдына шығуға шақырады. Ұялы телефонындағы шамды қосып, жоғары көтеріп, бірнеше минөт ұстап тұрсаңыз болды. Жүрекшелердің жанып тұруына да болады. Әлеуметтік желі ондаған ресейлік қалалардан жанып тұрған жүрекшерлерге толсын", - деп жазады Волков.

Сонымен бірге 14 ақпанда белсенділер Мәскеуде әйелдердің қатысуымен "Тілектестік мақсатын" ұйымдастырмақ. Бұл Юлия Навальная, ЛГБТ-белсендісі Юлия Цветкованы және ұсталған белсенділерді қолдау мақсатында өткізілмек.

23-31 қаңтарда және 2 ақпанда өткен наразылық шаралары полиция тарапынан жаппай күш көрсетумен, белсенділердің ұсталуымен аяқталды. Полиция электрошокерлер қолданды.

"Левада-центр" орталығының сауалнамасына сәйкес, Ресейдің әрбір бесінші тұрғыны Навальный әрекетін қолдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары