$ 494.87  520.65  4.91

Қан құсады. Белгісіз вирустан 15 адам көз жұмды

Науқастар қан құсқаннан кейін араға бір сағат салып көз жұмып жатыр.
Фото: РБК
Фото: РБК

Африканың оңтүстігінде орналасқан Мбея өңірінде әзірге белгісіз «вирустан» 15 адам көз жұмып, тағы 50 адам ауруханаға түсті.

Науқастар қан құсқаннан кейін араға бір сағат салып көз жұмып жатыр. Сондай-ақ, бұл «вирусты» жұқтырған адам ішкен-жегенін құсады.

Жергілікті медицина мамандары көпшілікке тарала қоймайды деп болжап отыр. Олар көбінесе бұл ауруға ер адамдардың шалдығатынын байқаған. Дәрігерлер жергілікті суда сынап бар-жоғын тексеруге кірісті.

Еске салсақ, 2020 жылдың желтоқсан айында Үндістанның Андхара-Прадеш штатының Элуру қаласында белгісіз ауру таралып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Билік адамдар лас ауа мен тамақтан уланып жатыр деп болжады.

kznews.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары