$ 498.34  519.72  4.85

«Ресей жаулары халық тұрмысының төмендегенін «пайдаланып кетті» - Путин

Путин бұрынғы сөзін қайталап, ресейлік дәрігерлердің Навальный ағзасынан улағыш зат таппағанын айтқан, Батыс елдерін сараптама нәтижесін Ресейге бермей отыр деп сынаған.
фото: inform. kz
фото: inform. kz

14 ақпанға қараған түні "Россия 24" телеарнасы Ресей президенті Владимир Путиннің БАҚ редакторларымен кездесуінен видео үзінді жариялады.

Кездесу бірнеше күн болған. Бастапқыда жиынның "off the record" форматында (айтылған әңгіме жарияланбайтынын білдіретін ереже. Батыс басылымдарында қолданылатын ұғым). Алайда бірқатар БАҚ пен кездесудің өзге де қатысушылары жиынның мазмұнын баяндап тастап, Кремльдің наразылығына тап болды.

Кездесудің толық видеосы жарық көре қойған жоқ. Әңгіме Путиннің кей сөздері жөнінде өрбіп отыр.

Кездесудегі сұрақтардың бірі Ресейдегі кейінгі наразылықтар мен Кремль сыншысы Алексей Навальныйды қамтыды. Мұның алдында жарияланған хабарларға қарағанда, бұл сұрақты "Эхо Москвы" басылымының бас редакторы Алексей Венедиктов қойған.

Сұраққа жауап берген Путин әдетінше Навальныйдың атын атамай, "фигурант" сөзін қолданды. Путиннің пікірінше, Ресейдің шетелдегі қарсыластары Навальныйға бәс тіккен.

"Бұл бізде бағзы заманнан, Горох патшаның кезінен келе жатыр. Қазір де бар, сәл ары барсақ Бірінші дүниежүзілік соғысқа дайындық және соғысты жүргізу кезінде де болған" деді Путин Навальныйды салыстырып отырғандардың атын атамай.

Дегенмен ол наразылықтың объективті себептері барын мойындады.

"Әлемнің барлық елінде, соның ішінде Ресейде де адамдарда шаршау, жиналып қалған ашу-ыза, наразылық байқалып отыр. Бұған тұрмыс жағдайы мен табыс деңгейі де ықпал етіп отыр" деді ол.

Путиннің сөзінше, Ресейдің кей қарсыластары осы жағдайды "пайдаланбақ болған. "Ресейде ұстап тұру саясаты" әлдеқашан басталған дейді ол.

Венедиктовтың айтуынша, әңгіме барысында Навальныйдың улануы да қозғалған. Бірақ кездесудің ол тұсының видеосы жарияланбады. Редактордың сөзінше, Путин бұрынғы сөзін қайталап, ресейлік дәрігерлердің Навальный ағзасынан улағыш зат таппағанын айтқан, Батыс елдерін сараптама нәтижесін Ресейге бермей отыр деп сынаған.

"Россия 24" телеарнасы жариялаған видео үзінділердің бірінде Путин Донбасс туралы сұраққа берген. Russia Today телеарнасының басшысы Маргарита Симоньян Украинаның "ДХР" және "ЛХР" деп аталып жүрген жерлерін Ресей құрамына қосу-қоспау мәселесін сұраған. Путин әр қадамның салдарын зерделеу қажетін айтып, "Донбассты ешқашан тастамаймыз" дейді.

Путин сондай-ақ "пассионарлық" теориясына (Шамасы ол Лев Гумилевтің ғылыми тұрғыда даулы саналатын "Этногенездің пассионарлық теориясын" меңзеген) сенетінін, бұл теорияға сай "Ресейдің шарықтау шегіне әлі жетпегенін" айтты.

"Өзге кәрі не қартайып жатқан ұлттарға қарағанда біз өсіп келе жатқан елміз" деді Путин.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары