16.02.2021, 10:20

Вакцинаға қатысты жанжал шықты

Сол себепті мұндай деректерді тергеумен айналысатын арнайы комиссия құрылды.

Перуде сыртқы істер министрінің кезектен тыс екпе жасатқаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Салдарынан шенеунік отставкаға кетті. Негізі бұған дейін экс-президентке қатысты тура осындай жанжал шыққан еді. Оның да кезектен тыс екпе салдырғаны анықталып, салдарынан денсаулық сақтау министрі де отставкаға кеткен. Соңғы уақытта елде ұқсас оқиғалар көбейген. Сол себепті мұндай деректерді тергеумен айналысатын арнайы комиссия құрылды.

Айта кеткен жөн, Перуде жаппай вакциналау 9 ақпанда басталған. Науқан 3 кезеңнен тұрады. Препарат алдымен медицина қызметкерлеріне, одан кейін созылмалы аурулары бар тұрғындар мен жасы 60-тан асқандарға, сосын қалған азаматтарға салынады.