19.02.2021, 15:40

Түркияға заңсыз кірмек болған Қазақстан азаматы ұсталды

Фото: ашық дереккөз
Түркия іздеуде жүрген адамдарды бес санатқа бөледі.

Сириядан Түркияға заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Hurriyet басылымы.

Түркияның қауіпсіздік күштері Сирия шекарасына жақын орналасқан Килис провинциясында Қазақстан азаматын қамауға алды. Ақпаратқа сәйкес, ол – "қызыл" деңгейде іздеуде болған ДАИШ* мүшесі.

Түркия іздеуде жүрген адамдарды бес санатқа бөледі. Ал ұсталған қазақстандық ең жоғары деңгейде іздеуде болған.

С.А. есімді Қазақстан азаматы Сирия-Түркия шекарасын кесіп өтіп, Түркияға заңсыз кірмек болған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл туралы тек ҰҚК ақпарат беретінін айтты. Комитет оқиғаның мән-жайын анықтап, хабарлауға уәде берді.

Тегтер: заңсыздық