Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты. Ол ХХІ ғасырда мыңнан астам матч ойнаған жалғыз футболшы болды. Бұл туралы Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) хабарлады. Жалпы алғанда Роналду 1047 рет алаңға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Рейтингтің екінші орнында "Реал Мадрид" пен Испания құрамасының экс-қақпашысы Икер Касильяс тұр. Қақпашы ХХІ ғасырда 974 кездесуде ойнады, бірақ ол ХХ ғасырда тағы 74 матч өткізген. Барлық матчті есептесек, Касильяс Роналдудан (1048) бір рет қана алаңға артық шыққан.
IFFHS рейтингінде үшінші орында - Сан-Паулу қорғаушысы Дани Альвес. Ол барлық матчін XXI ғасырда өткізген, барлығы - 969.
Төртінші-оныншы орындарда:
Хави (937 матч және XX ғасырдағы 80 матч), Ясухито Эндо (909 және 84 матч), Златан Ибрагимович (907 және 9 матч), Рожерио Сени (904 және 310 матч), Лионель Месси (902 матч), Джанлуиджи Буффон (852 және 212 матч), Хавьер Занетти (717 және 383 матч).