$ 448.15  483.46  4.86

Илон Маск енді қала салмақ

Бұған дейін, Масктың маймылдың миына чип орнатқаны туралы да хабарлаған едік.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Әлемге танымал кәсіпкер, «Tesla» және «SpaceX» компанияларының басшысы Илон Маск Маск Техас штатында жаңа қала салмақшы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәселен өнертапқыш Twitter-дегі парақшасында: «Техаста Starbase атты қала саламын», -  деп жазды. 
Bloomberg сайтының жазуынша, Илон Маск Техастағы Бока-Чика ауылының атауын өзгертпекші екен.  Әлгі ауылға «SpaceX» компаниясының ғарыш айлағы жақын орналасқан. Әзірше ауылдың тек аты ғана өзгеретіні белгілі. Жаңа ғимараттар мен құрылыс нысандары жайлы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Илон Маск байқауының финалына шыққан қазақ баласы өз жобасын таныстырғаны жайлы жазғанбыз. Одан бөлек, Масктың маймылдың миына чип орнатқаны туралы да хабарлаған едік. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары