Әлем 03.03.2021 сағат 04:39

Байқоңырда Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Қолды болған жабдық жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығының («ЦЭНКИ») меншігінде болған.
Байқоңырда Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды
фото: kyzylorda-news.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  «112» Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы «Буран» ғарыш кемесімен бірге «Энергия» зымыран-тасығышы ұшырылған №110 алаңда орналасқан жабдық қолды болған. Баукеспелер сондағы нысандардың біріне бұзып кіріп, радиоқұрылғылардың бірін ұрлаған. Қолды болған жабдық жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығының («ЦЭНКИ») меншігінде болған. Тікенді сымы бар бетон бағаналармен қоршалған алаңды күзетумен осы ұйымның ведомстволық күзеті айналысады. Сонымен қатар, аталған нысанды сыртынан Мәскеу облысының полиция қызметкерлері күзетеді. Белгілі болғандай, аумаққа бұзып кіру дерегін нысанды күзететін топтың бастығы 19 ақпанда анықтаған. Ресейдің Тергеу комитеті ұрлық болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

turkystan.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар