$ 494.87  520.65  4.91

«Ресей вакциналар туралы жалған ақпарат таратты» – АҚШ

Ақ үйдің пікірі бойынша, аталған іске ресейлік барлау қызметінің қатысы бар.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 «Ресей батыс елдерінде жасалған вакциналар туралы жалған ақпарат таратты». АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс осылай деп айыптады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның айтуынша, ресейлік 4 онлайн ақпарат құралы «Модерна» және «Файзер» компаниялары шығарған екпелерді қауіпті деп мәлімдеген. Бұл препараттарды АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау басқармасы мақұлдаған болатын. Ақ үйдің пікірі бойынша, аталған іске ресейлік барлау қызметінің қатысы бар. Бірақ ресми Мәскеу бұл айыпты жоққа шығарды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Спутник V» вакцинасы жайында да ағылшын-саксондық ақпарат құралдарында көптеген теріс мәлімет тарап жатқанын алға тартады.

«Ғаламдық өзара іс-әрекет орталығы 4 ресейлік онлайн-платформаның Ресейдің барлау қызметінің бағыттауымен жалған ақпарат таратқанын анықтады. Ресей ескі әдетіне басқан сияқты. Аталған вакциналар адамдардың өмірін құтқарып жатқанын жақсы білеміз. Жалған ақпарат халықты адастыруы мүмкін», – АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Нед Прайс.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары