$ 443.85  474.3  4.8

Мектепке бомба апарған оқушы жарақаттанды

Құрылғы сынып ішінде іске қосылған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

АҚШ-та мектеп оқушысы үйде жасалған жарылғыш бомбаны мектепке алып барған. Жарылғыш зат сынып ішінде кездейсоқ іске қосылып, бес оқушы мен бір мұғалім зардап шекті, деп хабарлайды sputnik.kz.

Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға АҚШ-тың Мичиган штатына қарайтын Ньюейго елді мекенінде болған. 

"Алдын ала тергеу 16 жастағы оқушының үйде жасалған жарылғышты мектепке алып келгені және оның кездейсоқ жарылғанын көрсетті. Құрылғы сынып ішінде іске қосылған. 16 жастағы оқушының өзі мен оның төрт сыныптасы жарақат алды", – делінген ақпаратта.

Төтенше жағдайға байланысты мектептегі барлық адамдар эвакуацияланды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны хабарланған. Соған байланысты тұрғындар эвакуацияланып, іздеу шаралары жүргізілгенімен, тұрғын үйден жарылғыш зат табылмады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары