15.03.2021, 02:55

АҚШ президенті әрбір америкалыққа 1,4 мың доллар төлемек

Заң жобасына қол қоя отырып, Байден атаулы көмек Америка экономикасын қалпына келтіріп, жұмысшылар мен орта тапқа қолдау көрсететініне сенім білдірді.

АҚШ президенті Джо Байден құны 1,9 триллион доллар тұратын экономикалық көмек туралы жоспарға қол қойды, деп хабарлайды adyrna.kz.

Пакетте салық төлеуші ел тұрғындарын 1,4 мың доллар көлемінде әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету қарастырылған.

Заң жобасына қол қоя отырып, Байден атаулы көмек Америка экономикасын қалпына келтіріп, жұмысшылар мен орта тапқа қолдау көрсететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ үкіметі жалпы сомасы 5 трлн доллардан асатын үш экономикалық көмек туралы жоспарды қабылдаған еді.