$ 494.87  520.65  4.91

Ресей өз азаматтарын саяси қудалау бойынша әлемде бірінші орында

Қытай билігі өзінен өсіп шыққан миллардер азаматтардың АҚШ-қа кеткеніне қынжылатын сияқты.

Бұл халықаралық Freedom House ұйымының шығарған рейтингісі. Бұл рейтинг халықаралық қудалауда жүрген, өз елінде саяси қудалауға ұшыраған саясаткерлер мен азаматтарды негізге алып жүргізілген, деп жазады adyrna.kz.

Соның ішінде өз елінің билігіне қауіпті, ашық сын айтқан, демократ азаматтарды "террорист", "экстремист" деген айыппен қудалауға себеп тапқан елдің көшін Ресей билігі бастаған.

Кейінгі орында диктатура қазығы мықты қағылған - Иран тұр. Өкінішке орай, бұл қатарда біздің Қазақстан да орнын тапты.

Қазақстанда саяси қадулауға ұшыраған тұлғалардың ішінде ең бірінші Мұхтар Әблязовтың аты аталған. Саяси қудалауды шекарадан тыс жүргізетін елдердің ең бірінші жетілігін Ресей, Иран, Пәкістан, Қытай, Әзербайжан бастап тұр. Соның ішінде шекарадан тыс саяси қудалауда көшті Қытай бастапты.
Қытай билігі өзінен өсіп шыққан миллардер азаматтардың АҚШ-қа кеткеніне қынжылатын сияқты. Қазір Қытайда миллиардерлерге де қатер төнген. Оның ішінде Alibaba халықаралық корпорациясының төрағасы Джек Маның өзі Қытай билігімен қырқысып отыр.

Freedom House үкіметтік емес халықаралық тәуелсіз ұйым болып саналады. Соңғы кездегі Ирандағы шекарадан тыс саяси қадалауға ұшыраған тұлғалар ісіне АҚШ араласып жатыр. Алдағы уақытта Иранды өзге диктатуралы елдерге төнген сияқты санкциялар күтіп тұр. Аталған ұйым әлем елдірінің бірнешеуін тізімге алып, оның ішінде саяси қудалауға барынша кіріскен елдердің алғашқы легін көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары