19.03.2021, 06:43

Вашингтон Мәскеуге санкциямен қысым көрсетіп жатыр

Фото: ашық дереккөз
Америкалық БАҚ Вашингтонда Ресейге қарсы қолданатын құрал қалмағанын жазды.

Вашингтон қайтадан Мәскеуге санкциямен қысым көрсетіп жатыр. Енді жеке мемлекеттік қарыз жайын қозғады. Америкалықтардың бұл ойына ағылшындар да қосылатын түрі бар. Шетелдік инвесторларға ресейлік облигацияларды сатып алуға тыйым салу – қатаң шектеу. РИА Новости бұл Ресей экономикасы үшін қаншалықты қауіпті екенін бағамдады.

Наурыз айының басында белгілі болғандай, АҚШ пен Ұлыбритания кезекті рет Мәскеуге қысымды күшейтпекші. Атап айтқанда, батыс инвесторлары үшін ресейлік мемлекеттік қарызды шектемек.

Мұхиттың арғы жағында бұл мәселе көптен бері талқыланып келді. Сарапшылар оқиға екі бағытта өрбиді деп болжады: біріншісі – барлық федералдық берешек облигацияларына (ФБО) тыйым, екіншісі – жаңа облигациялар сатып алуға тыйым. Толық эмбарго өте қатаң шектеу болар еді. Бірақ ол әдіс америкалық және еуропалық компаниялар үшін ауқымды шығын алып келеді.

Ақырында Вашингтон компромиске барып, 2019 жылдың тамызында "Скрипаль ісін" желеу етіп, америкалық банктерге ресейлік мемлекеттік қағаздарды бастапқы орналастыруға қатысуға және Ресей үкіметіне кредит беруге тыйым салды. Алайда бұл шектеу екінші нарықтағы мәмілелерге еш қатысты болмады.

Осылайша шетелдіктердің ресейлік нарыққа шығуы шектелмеді: олар берешек құралдары мен "шет жақта" отандық эмитенттердің акцияларын сатып ала алады. Бірақ демократиялық партияның кандидаты президент сайлауында жеңіске жетуі жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді.

Америкалық БАҚ Вашингтонда Ресейге қарсы қолданатын құрал қалмағанын жазды. Соңғы әдістің бірі – ресейлік мемлекеттік қарызға ақша салуға толық тыйым салу.

Bloomberg "Навальный ісіне байланысты АҚШ пен Ұлыбритания қосымша антиресейлік санкциялар әзірлеп жатқанын" жазды. Агенттік айтуынша, егер Ресей тағы да химиялық қару қолдануға қарсы халықаралық тыйымды бұзса, Джо Байден осы санкциялар туралы мәселені Еуропамен ынтымақтастықта қарастырады.

Нақты не жайлы айтылғаны белгісіз. Бірақ ФБО екінші нарығына зиян келуі екіталай. Бұл ең алдымен батыстық инвесторларға, яғни бағалы қағаздардың ірі иелеріне үлкен шығын келтірер еді. Қазір ФБО-дағы батыстық инвесторлардың үлесі – 23%. РФ экономикалық даму министрі Максим Решетниковтың айтуынша, бұл көрсеткіштің өзгеруі елдегі қаржы жағдайын қатты қиындата қоймайды.

"Ресейлік мемлекеттік қарызға қатысты санкциялар енгізу – батыстық инвесторларды жазалау. Қандай да бір әсері болатын шығар. Бірақ түбегейлі өзгеріс әкелмейді", - деді ведомство басшысы.

Бұл жағдайда негізгі жағымсыз салдар - рубльдің әлсіреуі болуы мүмкін. Яғни бейрезиденттер мен шетелдіктердің ресейлік валютаға деген сұранысы төмендейді. Алайда батыс инвесторларының Ресейдің мемлекеттік қарызынан шығуының әсері қысқа мерзімді сипатта болады.

"Бір доллар үшін 80 рубль шегіне дейін құлдырауымен шектеледі деп ойлаймын. Соңғы жылдары өте жиі айтылған санкциялық болжамдардың арқасында Ресей мұндай жағдайға алдын ала дайындалып үлгерді", - деді ВБЦ компаниялар тобының басшысы Семен Теняев.

Аналитиктер де ФБО алуға мүдделі шетелдік инвесторлар мұндай шектеулерді айналып өтетін әдістерді бұрыннан қолданады.

"Спутник – Капиталды басқару" БК бас директоры Александр Лосев егер батыс инвесторларынаа ФОБ-ты тікелей сатып алуға тыйым салса, олар қаражатты арадағы делдал арқылы бағыттай алады.

Санкцияларға қарсы тұрудың ықтимал тетіктерінің бірі - бұл соңғы бенефициарды жария етпейтін ерекше мәртебесі бар компанияларды пайдалану. Сонымен қатар бейрезиденттердің криптовалюталар немесе басқа цифрлық активтерді қолдануына ештеңе кедергі болмайды.