29.03.2021, 00:20

Моңғолия президенті 10 қазақтың қылмысын кешірді

2020 жылдың желтоқсанында апеллияциялық сот экс-депутатқа қатысты шешімді қайта қарауды кері қайтарды.

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 10 қазақ ұлты өкіліне рақымшылық жасады, деп хабарлайды Stan.kz

«Красная весна» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Халтмаагийн Баттулганың қылмыскерлерге рақымшылық жасау туралы жарлығы 26 наурызда жарық көрді. 

«Президент Баттулга халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Конституция, Моңғолия президенті туралы заң және Қылмыстық кодекстің негізінде алғаш рет сотталған сәбиі бар және көпбалалы 21 анаға рақымшылық жасау туралы жарлық шығарды», - деп хабарлайды Моңғолия президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі. 

Одан бөлек, Баттулга Наурыз мейрамының құрметіне орай ұсақ-түйек ұрлық жасаған (теледидар, пеш, ұялы телефон ұрлаған) ұлты қазақ 10 адамға рақымшылық жасады. 

Моңғолиялық БАҚ-тың хабарлауынша, рақымшылыққа ілінгендердің ішінде Моңғолия мемлекеттік ұлы хуралдың бұрынғы депутаты Гомбожайн Солтан да бар. Ол парламент депутаты болып 2016 жылы сайланған болатын. 2020 жылы Солтан билікті асырасілтеп пайдаланды және 2018 жылы 950 млн тугрик (110 млн-ға жуық теңге) несие алу мақсатында ауыл шаруашылығы министріне қысым көрсетті деген күдікке ілінді. 

Сот Солтанды 3 жылға қамауға алу туралы шешім шығарып, сондай-ақ, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметті атқаруына тыйым салды. 2020 жылдың желтоқсанында апеллияциялық сот экс-депутатқа қатысты шешімді қайта қарауды кері қайтарды.