$ 494.87  520.65  4.91

Түркияда коменданттық сағат енгізілді

Түркия басшысының айтуынша, соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты кейбір шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім шығарылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркия билігі демалыс күндері елдің көптеген аймағында коменданттық сағат енгізу туралы шешім шығарды. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған үкімет отырысының қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Түркия басшысының айтуынша, соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты кейбір шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім шығарылған.

Атап айтқанда, сенбі және жексенбіде COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары аймақтарда азаматтардың үйден шығуына тыйым салынады. Ол қасиетті Рамазан айында да - 12 сәуірден 12 мамырға дейін де сақталады. Бұдан басқа жалпыұлттық коменданттық сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін жалғасады. Түнгі уақытта мейрамханалар мен кафелер тек тамақты клиенттің өзі алып кету қызметі арқылы жұмыс істей алады. Қалған уақытта тамақтану орнының максималды жүктемесі 50%-дан аспауы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары