$ 494.87  520.65  4.91

Жапония әуекомпаниясы 230 мың теңгеге түскі ас ұсынды

Nippon Airways компаниясы клиенттерге ерекше қызметті - тұраққа қойылған лайнерде түскі ас ұсына бастады. Олар мұны "қанатты мейрамхана" ретінде таныстырды.
фото: Кaz.tengritravel.kz
фото: Кaz.tengritravel.kz

Жапонияның ірі әуекомпаниясы азаматтарға 390 фунт стерлингке (шамамен 230 мың теңге) тамақ ұсынды. Тек жолаушылар ұшпайтын бортта ас ішеді. Бұл туралы The Guardian жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.

Nippon Airways компаниясы клиенттерге ерекше қызметті - тұраққа қойылған лайнерде түскі ас ұсына бастады. Олар мұны "қанатты мейрамхана" ретінде таныстырды.
Қонақтар алдын ала жапон немесе басқа елдің тағамдарын таңдады. Ашылған күні мейрамханаға 60 жолаушы келді. Олар тағамның сапасы мен дәмін жоғары бағалап, жаңа қызметке риза болды.

Басылымның мәліметінше, пандемияға байланысты авиация саласы үлкен дағдарысты бастан кешіп жатыр. Сондықтан кейбір әуекомпания ұшақтар паркінің тоқтап қалу проблемасын шешу үшін осындай ерекше шешімдер тауып жатыр.

Мұндай мейрамхана Сингапур, Ұлыбритания және Финляндия әуекомпанияларында да бар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары