$ 443.85  474.3  4.8

Хабаровск өлкесін өрт шалды

«Алғашқы екі ошақ- батпақты жердегі өрт сөндірілді. Тағы бірі - шамамен 1 мың га алқапты қамтыған, мұнда шөп өрті тұтанды», - делінген хабарламада.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

 - Орман өрт сөндірушілері Хабаровск өлкесіндегі Анюй ұлттық паркінің аумағындағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Амур аймағындағы мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық парктердің бірлескен дирекциясының мәліметіне қарағанда, ұлттық паркте өрт жексенбі күні басталған. 790 және 265 га аумақта өрт ошақтары пайда болды.

«Алғашқы екі ошақ- батпақты жердегі өрт сөндірілді. Тағы бірі - шамамен 1 мың га алқапты қамтыған, мұнда шөп өрті тұтанды», - делінген хабарламада. Аню ұлттық паркі Орталық Сихотэ-Алиняның Батыс беткейінде, Амурдың оң жақ үлкен саласы - Аню өзенінің бассейнінде орналасқан.

Бұл аймақтағы балқарағай-жапырақты ормандар Гималай аюларын, қоңыр аюларды, қызыл аюды, қабан мен жолбарысты тамақпен қамтамасыз етеді. Жыртқыштар тіршілік ететін аумақ ұлттық саябақтың үштен екісінен асады. Ал саябақта шамамен 12-15 жолбарыс мекендейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#орман өрті