$ 449.3  489.69  4.89

13 жасар қыз суға батқан қызды құтқарып қалды

«Мен оны судан шығарған кезде, оның ерні күлгін түсті болды», - дейді америкалық қыз.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Орландо (Флорида) қаласындағы америкалық Disney World ойын-сауық саябағында қыз бассейнге батып бара жатқан қыз баланы құтқарды деп жазды stan.kz

3 сәуір күні Нью-Мексико штатындағы Мэйхиллден келген 13 жастағы Кейденс Хенсли көктемгі демалысында ойын-сауық саябағында демалып жатқан. Ол бассейнді айналып өтіп бара жатып, суға тұншығып жатқан кішкентай қызды көреді. Хенсли қыз балаға көмектесуге асықты.

«Мен оны судан шығарған кезде, оның ерні күлгін түсті болды», - дейді америкалық қыз.
Куәгерлер балаға жасанды тыныс берді. Қыз бала ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тек келесі күні кешке қарай жақсарды. Жәбірленуші үш жаста. Оның аты Хэвен Уильямс.
«Дәрігерлер оны судан уақытында шығарып алғанын айтты. Егер көмек сәл кейінірек келсе, оқиға басқаша аяқталуы мүмкін еді», - дейді Уильямстың анасы.

Анасы қызын екі минутқа ғана жалғыз қалдырғанын айтып ақталды. Оқиғадан соң екі отбасы достасып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары