$ 449.3  489.69  4.89

«Лавровқа кез келген лексиконмен сөйлеуге рұқсат берілген» - Путиннің баспасөз хатшысы

Ол түрлі шенеуніктер мен жоғары лауазымды тұлғаларға қарата "есуас" (дебил), "жынды" (долбаный псих), "ауру" (больные) сияқты сөздерді пайдаланған.
Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Америка саясатына қатысты "топас" сөзін пайдалануына қалай қарайсыз деген сұраққа "Лавровқа кез келген лексиконмен сөйлеуге рұқсат берілген" деп жауап берді, деп жазады Азаттық.

Песковтың пікірінше, Лавров мәлімдемесі – АҚШ-тың Ресейге қатысты "агрессияшыл" саясатына лайық жауап болып шыққан. "Министр әдеттегідей дөп түсті" деді Песков.

Ақпарат құралдарының жазуынша, Ресей СІМ бұрын да түрлі лексиконмен сөйлеп, көзге түскен. Басылымдар оның бұрын АҚШ-тағы сайлауалды кампаниясын айтқанда "пусс" (көбік) сөзін пайдаланғанын, түрлі шенеуніктер мен жоғары лауазымды тұлғаларға қарата "есуас" (дебил), "жынды" (долбаный псих), "ауру" (больные) сияқты сөздерді пайдаланғанын еске салады.

8 сәуір күнгі Қазақстанға сапары барысында Лавров АҚШ-ты сенімсіз одақтас деп атап, оның Ресейге саясатын сынаған.

"Біз тек өзімізге ғана сенуіміз керек, себебі АҚШ та, олардың одақтастары да сенімді серік емес. Мемлекет үшін маңызды сәттерде біз оларға иек арта алмаймыз" деді Лавров.

Қазақстанның ресми органдарының сайттары Лавровтың батысқа қарсы мәлімдемелері туралы жазбады.

Қазақстан СІМ сайтында жарияланған ақпарат бойынша, екі елдің Сыртқы істер министрлері саясат, экономика, әскери техника, көлік транзиті, энергетика салалары мен халықаралық ұйымдар, аймақтық интеграциялық бірлестіктер аясындағы ынтымақтастығын талқылаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары