$ 494.87  520.65  4.91

Жоғалып кеткен қызды жеңгесі өлтіріпті

Іздестіру кезінде, келесі күні «Катта Наманган» каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
фото: kznews.kz
фото: kznews.kz

Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды kznews.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні «Катта Наманган» каналынан оқушы қыздың денесі табылған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары