$ 449.58  486.94  4.86

YouTube желісінде «Оператор-қасқырдың» ВИДЕОСЫ жарияланды

Камера әр сағаттың басында қасқырдың не істеп жатқаны туралы 30 секундтық видео түсіріп отырған.

АҚШ-тың Миннесота штатындағы Вояджерс ұлттық паркін мекендейтін қасқырларды зерттеп жүрген The Voyageurs Wolf Project ұйымы түз тағысына қызық тәжірибе жасады деп жазды Nege.kz.

Қасқырдың күнұзаққа не істейтінін анықтамаққа оның мойнына шағын камера іліп, еркіне қоя берген. Қасқыр жазған видеоны ғалымдар YouTube каналына жариялады.

Камера әр сағаттың басында қасқырдың не істеп жатқаны туралы 30 секундтық видео түсіріп отырған. Сонымен, қасқыр күнұзаққа не істеген?

Қасқыр балық аулауды қатырады екен. Жыртқыштың үш балық ұстап жегені камераға түсіпті. Зерттеушілер түз тағысының бұдан да көп балық ұстағанына сенімді. Алайда қасқырдың күжірейген желке жүні камераға кедергі келтірген көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары