$ 494.87  520.65  4.91

Ресей халқы Путиннің кетуін талап етіп, ереуілге шықты

Наразылық шарасына қатысушылар Навальныйға медициналық көмек көрсетуді және оны бостандыққа шығаруды талап етіп жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мәскеуде, Санкт-Петербургте және Ресейдің басқа көп қаласында түрмедегі оппозиционер Алексей Навальный жақтастарының митингілері өтіп жатыр, деп жазады Азаттық радиосы. 

Азаттықтың Орыс қызметі Мәскеу орталығынан тікелей эфирде хабар таратады.

Құқық қорғау органдары Навальный жақтастары жиналуға шақырған Мәскеудегі Манежная алаңын жауып тастады. Оппозиционерді қолдайтындар Ресей астанасының басқа жерлерінде де жиналып жатыр. Бірнеше адамның ұсталғаны туралы ақпарат бар, дегенмен полиция әзірге шараға қатысушыларды қуып таратқан жоқ.

Петербургте Дворцовая алаңы қоршалды. Жұрт Исаакиев соборының қасына топтасты. Ұсталғандар туралы мәлімет жоқ.

21 сәуірде Ресейдің әр түкпіріндегі ондаған қалада наразылық митингілері өтіп жатыр. Қаңтардың соңындағы митингілермен салыстырғанда ұсталған адам саны аз. "ОВД-Инфо" ұйымының мәліметі бойынша Мәскеу уақытымен сағат 19-да Уфа, Челябинск, Екатеринбург, Барнаул және Новокузнецк қалаларында 300-ден астам адам ұсталған.

Навальный өзі қалаған дәрігерді жіберуді талап етіп, аштық жариялап жатыр. Билік болса оған барлық көмек көрсетілгенін айтады. Наразылық шарасына қатысушылар Навальныйға медициналық көмек көрсетуді және оны бостандыққа шығаруды талап етіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары