$ 444.32  473.33  4.76

«Құрдымға кетудің алдында тұрмыз» – БҰҰ үндеу жасады

Жаһандық температура Цельсий бойынша 1,2 градусқа көтеріліп, апат шегіне жақындап келеді, деп мәлімдеді Антониу Гутерреш.
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем лидерлерін жаһандық жылынуға қарсы күресуге шақырды, деп хабарлады sputnik.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Қазір қамданбасақ, ашаршылық болуы мүмкін – БҰҰ бас хатшысы
"Соңғы онжылдық адамзат тарихындағы ең ыстық кезең болды. Қауіпті парниктік газдардың концентрациясы 3 миллион жылдан бері болмаған деңгейде тұр. Жаһандық температура Цельсий бойынша 1,2 градусқа көтеріліп, апат шегіне жақындап келеді", - деді Гутерреш климат саммиті кезінде.  
Гутерреш тұрақты көтеріліп келе жатқан теңіз деңгейін, тропикалық циклондар мен орман өрттерін еске түсірді.

"Біз құрдымға кетудің алдында тұрмыз. Келесі қадамды дұрыс бағытта жасауымыз керек. Лидерлер барлық жерде әрекет етуге тиіс", - деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы.

Климат жөніндегі саммит 22-23 сәуірде виртуалды форматта өтіп жатыр. Іс-шараны Америка Құрама Штаттары ұйымдастырды. Оған қатысуға 40-тан астам мемлекеттің басшысы шақырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары