$ 449.58  486.94  4.86

Вакцинаның екі емес, енді үшінші дозасы салынбақ

Ұлыбритания билігі күзде 50 жастан асқан азаматтарға COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинаны салдыруды ұсынбақ.

Ұлыбритания билігі күзде 50 жастан асқан азаматтарға Рождество мейрамында індеттің көбеюіне жол бермес үшін COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинаны салдыруды ұсынбақ. Бұл туралы Times газеті жазады.

Басылымның айтуынша, қазір Ұлыбританияның бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің басшылығымен вакциналардың екі мүмкін нұсқасы сынақтан өткізілуде. Бірінші нұсқада коронавирустың жаңа штамдарымен күресу үшін арнайы өзгертілген вакциналар қолданылады.Тағы бір нұсқа елде мақұлданған үш препараттың (Pfizer/BioNTech, AstraZeneca, Moderna) бірімен вакцинаци жасалуы мүмкін. 

Қазір британиялықтар осы препараттармен егіліп жатыр. Мейлінше, қысқа мерзімде адамдардың ең көп мөлшеріне екпе жасау үшін Біріккен Корольдікте вакцинаның екі дозасын енгізу арасындағы аралық Үкіметтің шешімі бойынша үш аптадан үш ай мерзімге дейін ұлғайтылды.

Сәуірде Ұлыбританияда коронавирустың қос мутациялы қауіпті штаммы анықталғаны жария болған еді. Сонымен қатар, бұл елде оңтүстікафрика штамм да таралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары