$ 494.87  520.65  4.91

Канада әлемде алғаш болып 12 жастағы балаларға вакцина салуға рұқсат берді

Бұған дейін Канадада COVID-19-ға қарсы вакцинаны 16 жастан асқан тұрғындарға ғана егу рұқсаты бар-тын.

Канада Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer/BioNTech препаратын 12-15 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы екпе жасатуға рұқсат берді, деп хабарлайды Reuters.

Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі бас кеңесшісі Суприя Шарма Pfizer/BioNTech вакцинасы жас топтары үшін қауіпсіз және тиімді екенін айтты.

«Бізге шетсіз-шексіз туннельдің түбінен жарық көріне бастады. Жастар COVID-19 індетінің ауыр жағдайларына аз ұшырағанымен де, қауіпсіз және тиімді вакцинаға қол жеткізу аурудың отбасы мүшелері арасында таралуын бақылауға көмектеседі», - деді ол журналистерге.

Pfizer нәтижесі препараттың екінші дозасын енгізгеннен кейін зерттеуге қатысушылар арасында вакцинаның 100 пайыз тиімділігін, сондай-ақ жанама әсерлердің болмайтынын көрсетті. 

Осылайша, ел билігі сынақтар вакцинаның балалар үшін қауіпсіз әрі тиімді екені нақты іс жүзінде көрінді деп отыр. Оларға ересектер сияқты препараттың бірдей мөлшерін енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, балалар арасында препаратты қолдану одан әрі бақыланады.

Айта кету керек, бұған дейін Канадада COVID-19-ға қарсы вакцинаны 16 жастан асқан тұрғындарға ғана егу рұқсаты бар-тын.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы жақын арада осындай қадам жасайды деп күтілуде, деп хабарлады АҚШ Денсаулық сақтау қызметкерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары