$ 494.87  520.65  4.91

Үндістандық коронавирус штамы Ресейге жетті

Роспотребнадзордың аймақтық басқармасының мәліметінше, сәуір айында Ульяновскке Үндістаннан бірнеше топ болып, 130 студент келген.

Ресейде алғаш рет коронавирустың Үндіcтандық штаммының тасымалдаушылары анықталды. Олар Үндістаннан келген Ульяновск мемлекеттік университетінің (УМУ) 16 студенті. Бұл туралы "Коммерсант" Роспотребнадзордың аймақтық басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сәуір айында Ульяновскке Үндістаннан бірнеше топ болып, 130 студент келген. Университет ректоры Борис Костишконың айтуынша,"шекарада сынақтан өткен барлық студенттен теріс нәтиже байқалған". Олар обсерваторияға арналған университеттік жатақханаларға орналастырылды. Кейінірек, 10 мамырда Ульяновскіге тағы 18 Үнді студенті келді. Тесттер 60 адамнан COVID-19 инфекциясын анықтады, олар қалалық ковидтік ауруханаларға орналастырылды.

Барлық оң нәтижелер Ресейдің "Микроб" обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтына, "генотиптеу үшін" жіберілді. 60 студенттің 16-ында Үндістандық коронавирус штаммы расталды. Сонымен қатар, аймақтық Денсаулық сақтау министрлігі үндістандық штамм 15 пациентте, ал біреуінен британдық штамм анықталды деп мәлімдеді. Мамыр айындағы мерекелерден кейін COVID-19 белгілері бар тағы екі студент ауруханаға жатқызылды, олардан қандай штамм анықталғаны әлі белгісіз.

Ульяновск облысының Денсаулық сақтау министрлігі барлық студенттердің жағдайы "қанағаттанарлық" екенін хабарлады. Олардың көпшілігі аурудың жеңіл түрін жұқтырған, ауруханаға жатқызылған 11 Үнділік студент қазір үйге жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары