Қытайда асфальт жерден көтеріліп, жердің үстіндегі адамдарды жан-жаққа лақтырып жіберді, видеоны жергілікті басылым жариялады, деп жазады kaz.orda.kz.
Қытайдың Ухань қаласында жер асты жарылысы болды. Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алды.
Сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған видеоны «Жэньминь жибао» газеті өзінің YouTube каналында жариялады.
Роликтен ашық кәріз құдығының жанындағы дәнекерлеу жұмысы кезінде бір нәрсенің тұтанғаны көрінеді. Артынша жол қиылысында жарылыс болады. Мотоцикл жүргізушісі жол шетіне ұшып түседі, басқа жүргіншілер жан-жаққа қаша жөнелді.
Алдын ала мәлімет бойынша жер астындағы жарылысқа газдың шығуы себеп болған.