$ 443.35  475.54  4.82

Лукашенко Батыстан өтемақы талап етті

Тағы бір санкцияларды дайындап жатсаңыздар, оқиғаны тергеу кезінде Беларусь жұмсаған шығындарды өтеуді ұмытпаңыздар.
Фото: rubaltic.ru
Фото: rubaltic.ru

Александр Лукашенко Роман Протасевич отырған Ryanair ұшағымен болған оқиғаны тергеу шығындарын Батыс өтеуі тиіс деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Тағы бір санкцияларды дайындап жатсаңыздар, оқиғаны тергеу кезінде Беларусь жұмсаған шығындарды өтеуді ұмытпаңыздар. Менің командам бойынша ТЖМ, Денсаулық сақтау министрлігі, саперлер, кинологтар, антитеррор және басқа да қызметтер көтерілді. Олар халықаралық ережелер мен біздің заңдарымызға сәйкес тартылды. Бұл үшін ақы төлеу керек", - деді ол Парламент пен Конституциялық комиссия мүшелерімен және Беларусьтің мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен өткен кездесуде. 

Лукашенконың айтуынша, "Беларуське қарсы көп деңгейлі, көп қырлы гибрид соғыс басталғаны бүкіл әлемге түсінікті".

"Мақсат айқын. Беларусьті қорлау кімге пайдалы екенін біз де білеміз. Сіздерге құлаққағыс: Беларусь - шағын мемлекет, бірақ біз адекват түрде жауап береміз. Әлемде ұқсас мысалдар бар. Жете ойластырылмаған, өткір шешімдер жасамас бұрын, Беларусь Еуропаның орталығы екенін ұмытпаңыздар. Мұнда бір нәрсе басталса, тағы бір соғыс, дүниежүзілік соғыс болады. Айтпақшы, алдыңғысы да осы жерден басталды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары