$ 494.87  520.65  4.91

«COVID-19 вирусы лабораторияда қолдан жасалған» - ғалымдар

Олар бұған дейін дәлелдердің болғанын хабарлады, бірақ ғылыми қауымдастық оларды елемеген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Британдық-норвегиялық жаңа зерттеуде қытай ғалымдары COVID-19-ды Ухань зертханасында жасап шығып, содан кейін вирустың кері нұсқалары арқылы оның ізін жасырып, табиғи жолмен, жарқанаттардан пайда болғандай етіп ауыстыруға тырысқаны жазылған. Зерттеу мен дәлелдемелерді Daily Mail басылымы жариялайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу авторлары, Британдық профессор Ангус Далглейш (Angus Dalgleish) және норвегиялық доктор Биргер Соренсен (Birger Sørensen) бұған дейін дәлелдердің болғанын хабарлады, бірақ ғылыми қауымдастық оларды елемеген.

Вакцина жасау барысында Covid-19 үлгілерін талдай отырып, Далглиш пен Соренсен вирустың үлгісінде "бірегей саусақ іздерін" тапқан, олар тек зертханадағы манипуляциялар нәтижесінде пайда болуы мүмкін дейді. Ғалымдар сонымен қатар SARS-CoV-2 вирусының арғы тегі жоқ екенін атап өтті.

Осы жылдың наурыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ)Уханьға коронавирустың шығу көзін табу үшін келген халықаралық сарапшылар тобының жұмысын қорытындылады. Есепте вирустың зертханадан "шығуы" екіталай екендігі айтылған, негізгі нұсқа: вирустың жарқанаттардан басқа жануар арқылы берілуі деп санауға болады, делінді.

Алайда АҚШ пен 13 басқа мемлекет сарапшылар жұмысының нәтижелеріне күмән келтіріп, ашық және тәуелсіз тергеуді талап етті. Қытайда бұл ұстаным саяси және ғылымға ешқандай қатысы жоқ деп бағаланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары