$ 445.66  474.58  4.78

Вьетнамда коронавирустың жаңа штамы табылды

Британиялық Daily Mail газеті Британдық вирусолог Ангус Далглиш пен норвегиялық ғалым Бригер Сёренсеннің зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Британиялық Daily Mail газеті Британдық вирусолог Ангус Далглиш пен норвегиялық ғалым Бригер Сёренсеннің зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ғалымдар коронавирустың Ухань зертханасында жасалғанын «дәлелдейтін» айғақтар тапқанына сенімді. Олар COVID-19 үлгілерін талдау арқылы осындай қорытындыға келген. Ғалымдардың пікірінше, COVID-19 «жасаушылары» жаңа қылқанды жарқанаттан табылған коронавирусқа қосқан. Осылайша олар вирусты жұқпалы етіп, оның адамдарға қалай әсер ететіндігін зерттегісі келген. Сонымен қатар жуырда Вьетнамда коронавирустың жаңа штамы табылды.

«Ел билігі оны британиялық және үнділік коронавирус штаммдарының буданы деп атады. Вьетнамда вирустың оңай таралып, адамнан адамға тез жұғатындығын ескертті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Нгуен Тхан Лонг мәлімдеді. Вьетнам Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл Британиялық және үнділік коронавирус штамдарының буданы. Вьетнам Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде жаңа штаммның пайда болуы эпидемияға қарсы қабылданған шараларға қарамастан, ауруды жұқтыру көрсеткішінің өсіміне әсер еткен», - деп жазылған Ведомствоаралық комиссия таратқан хабарламада.

Қытайдың Гуанчжоу қаласында коронавирустың өршуіне байланысты аудандардың бірі жабылды. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласының билігі коронавирустың өршуіне байланысты Ливан аймағындағы бес көшенің тұрғындарына үйден шығуға тыйым салды. Қала билігі төрт көшеде эпидемия қаупінің төмен деңгейден орташа деңгейге көтерілгенін хабарлады. Тұрғындардан үйде болуды сұрады. Отбасының тек бір мүшесіне қажетті заттарды сатып алу үшін үйден шығуға рұқсат етіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары