Бұған дейін қара зең Үндістанға шабуыл жасаған болатын. Дәрігерлер инфекция миға енбеуі үшін жұқтырған науқастардың көзін алып тастауға мәжбүр. Қара зеңмен ауыратын науқастардың шамамен 60%-ы көзін алғызды.
Елдің солтүстігіндегі Заказик университетінің ректоры Осман Шаалян қара зең ауруы Мысырда да анықталғанын айтты, деп жазды "Аль-Ахрам" басылымы.
"Жұқтырған үш адамға қара зеңмен зақымдалған мүшелерді алу операциясы жасалды, біреуі ауыр халде, қалғандарының жағдайы тұрақты", - деді ректор.
Қара зең топырақ, шаң және органикалық деградация өнімдерінде кездеседі. Көбінесе адам ағзасына механикалық желдеткіш қондырғылар арқылы енеді.