31.05.2021, 22:49

Науқастар көзінен айырылады: Қара зең Мысырға дейін жетті

Фото: ашық дереккөз
Мысырда жеті адамның мұрынына, көзіне және тыныс алу органдарына әсер ететін қорқынышты инфекция диагнозы қойылды.

Бұған дейін қара зең Үндістанға шабуыл жасаған болатын. Дәрігерлер инфекция миға енбеуі үшін жұқтырған науқастардың көзін алып тастауға мәжбүр. Қара зеңмен ауыратын науқастардың шамамен 60%-ы көзін алғызды.

Елдің солтүстігіндегі Заказик университетінің ректоры Осман Шаалян қара зең ауруы Мысырда да анықталғанын айтты, деп жазды "Аль-Ахрам" басылымы.

"Жұқтырған үш адамға қара зеңмен зақымдалған мүшелерді алу операциясы жасалды, біреуі ауыр халде, қалғандарының жағдайы тұрақты", - деді ректор.

Қара зең топырақ, шаң және органикалық деградация өнімдерінде кездеседі. Көбінесе адам ағзасына механикалық желдеткіш қондырғылар арқылы енеді.