Қытайда жолаушылар пойызын сүйреп келе жатқан локомотивтің жолында болған тоғыз адам мерт болды, деп хабарлайды РИА.
Үрімшіден Ханчжоу қаласына бара жатқан жолаушылар пойызы теміржолдағы жұмысшыларды қаққан. Тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлады Қытайдың орталық телевизиясы.
Оқиға Ганьсу провинциясындағы Цзинчан уезіндегі жолдың 401-ші шақырымында болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тоғыз жұмысшы қаза тапты. Төтенше оқиға туралы толық ақпарат әлі берілген жоқ.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, төтенше жағдайдың себептері анықталуда.