08.06.2021, 10:00

Қырғызстандағы түрік мектептер желісінің жетекшісін Түркияның арнайы қызметі ұрлап кеткен болуы мүмкін

6 маусымда оның әйелі Рейхан Инанды әлеуметтік желіде біреулердің күйеуін Қырғызстандағы Түркия елшілігінде күшпен ұстап отырғанын хабарлаған.

2019 жылы Қырғызстан Түркияның Орхан Инандыны экстрадициялау туралы өтінішін орындаудан бас тартқан. Бұл туралы 7 маусымда Қырғызстан сыртқы істер вице-министрі Айбек Артыкбаев хабарлады.

"Орхан Инанды 2012 жылы президент жарлығына сәйкес Қырғызстан азаматтығын алды. 2019 жылы наурызда Түркия Инандының ФЕТО террористік тобының мүшесі екенін айтып, оны экстрадициялауды талап етті. Түркиямен арада экстрадиция жайлы келісім бар. Бірақ біз ішкі істер министрлігі мен бас прокуратура мамандарымен біріге отырып, жауап әзірледік. 2012 жылы Инандының Қырғызстан азаматы екенін және Түркияға өз азаматымызды бере алмайтынымызды айтқанбыз" деді вице-министр.

Халықаралық "Сапат" білім беру мекемесінің президенті Орхан Инанды 1 маусымға қараған түні Бішкекте жоғалып кеткен. Құқық қорғау органдары мұғалімді табуға көп күш жұмсағанын хабарлады. "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Инандының жоғалуы қырғыз қоғамында резонанс тудырды. Президент Садыр Жапаров іздеуді күшейтуді тапсырды, ал Қауіпсіздік кеңесі 3 маусымда құқық қорғау орган жетекшілерімен оқиғаға байланысты шұғыл кездесу өткізді.

Бұған дейін азаматтар Қырғызстанның Түркиядағы елшілігі, Ақ үй, үкімет үйі алдында Орхан Инандыны табуды талап етіп, митинг өткізген. Олар Инандыны Түркияның арнайы қызметі ұрлап кеткен болуы мүмкін деп топшылайды.

"Сапат" білім беру мекемесі Орхан Инандының қайда екенін хабарлайтын адамға сыйақы тағайындады.

6 маусымда оның әйелі Рейхан Инанды әлеуметтік желіде біреулердің күйеуін Қырғызстандағы Түркия елшілігінде күшпен ұстап отырғанын хабарлады деп айтқан.