Украина Шығыс Еуропадағы НАТО елдері әскерінің оқу-жаттығуларына арналған ең үлкен полигонға айналып келеді. Осы жылдың өзінде мұнда 11 мың шетелдік әскери қызметшінің қатысуымен жеті көпұлтты оқу-жаттығу өтеді, деп жазды РИА Новости.
АҚШ (Rapid Trident 2021 және Sea Breeze 2021), Ұлыбритания (Kozak Mace 2021 және Warrior Watcher 2021), Польша ("Три Меча — 2021" және Silver Saber 2021) және Румыниямен (Riverine 2021) бірлескен маневрлер Украина аумағында өтеді деп жоспарланып отыр.
Алайда кейбір сарапшылар НАТО әскерін Украина аумағында орналастыру мемлекеттің тәуелсіздігіне және аймақтық біртұтастығына қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. АҚШ пен НАТО-ның басқа елдері де Украинада орналасу пунктері жүйесін құрып жатыр. Оларды толыққанды әскери базаға айналдыру түк емес. Бұл әрекетер Мәскеуді біршама алаңдатып отыр.
РИА Новости сауалнама алған әскери сарапшылар Украина бұл жағдайдың Ресеймен қарулы қақтығысқа дейін ушығуына жол бермеуі керек деп санайды.
"Әскери және экономикалық әлеуеттер тең емес, - дейді Соколов. – Бұл мәселеде арандату да көп. Әйтсе де нағыз ұлтшыл азаматтардың өзінде жағдайды ушықтырмау, өзін-өзі қорғау инстинкті қосылады деп ойлаймын".
Ядролық держава саналатын мемлекетке шабуыл жасау үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеп соғатынын бүгінде барлығы жақсы түсінеді. Бұл соғыста жеңгендер мен жеңілгендер болмайтыны анық.
"Байден Ресейге ашық соғысқа бармайды. Алайда Украина бағытында бірқатар қаражат салып отырғандықтан, бұл тарапты өз пайдасына қолдана береді. Оның үстіне бұл қарсыластық Еуропаға да оңай тимейтіні анық. Қазіргі Еуропа бес жыл бұрынғы құрлықтан мүлде басқа" – дейді Әскери ғылымдар академиясының мүшесі Сергей Судаков.
Украинаны НАТО-ға қосу бастамасына Вашингтон қолдау білдірді
Расында да Еуропа кеңістігінде жағдай баяғыдай емес. Бұрынғы Варшава келісімі елдері мен Балтық маңы халқы да орыстарды әлемнің жауы ретінде санауды доғарған. Мұны Вашингтон да түсініп отыр.
"Алдағы уақытта өтетін Байден мен Путиннің кездесуі батыс әлемнің көшбасшысы ретінде АҚШ-тың саясатты өзгертетін уақыт келгенін түсінгенін білдіреді. Америкалықтар Ресейге қатысты негізгі ұстанымдарынан бас тартпағанымен, экономика мен халықаралық өзара іс-әрекет бағытындағы проблемаларды жеңілдету әдістерін ұсынады. Вашингтон үшін қазір альянс бойынша одақтастарынан айырылып қалмау маңызды", - дейді саясаттанушы.
Бұл нұсқаны НАТО-ның Украинадағы жоғары әскери белсенділігі де растап отыр. Бейнебір келіссөздер позициясын кез келген уақытта күш қолдануға өзгерте алатын айбатты көрсету секілді.