$ 449.58  486.94  4.86

Түркияның 13 млн тұрғыны қос вакцинаны толық алған

Дегенмен, елде кезегі келсе де екпе алмай жүрген тұрғындар да баршылық.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Түркияда азық- түлік өндірісі мен қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлерін коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді, деп жазды Хабар24.

Мұндағы мақсат – халықпен тығыз байланыста болатын жұмысшыларды егу арқылы індеттің таралуының алдын- алу. Қазірге дейін елде халықтың 16%-і екпе алған. Олардың қатарында медицина мамандары, мүгедек жандар, қарттар үйінің тұрғындары мен мұғалімдер бар. Дегенмен, елде кезегі келсе де екпе алмай жүрген тұрғындар да баршылық. 

Сол себепті екпе туралы куәлігі жоқ азаматтарға шектеу енгізу қарастырылып жатыр. Қазір елде «Sınovac», «Sputnik V» және «Pfizer-BioNTech» вакцинасының қос дозасын 13 млн тұрғын алған.

Көптен бері жабық тұрдық. Білетініңіздей, еліміздің басты табыс көзі – қызметтік сала. Сондықтан екпе егудің науқанына бізді қосуы орынды шешім деп ойлаймын. Себебі бірінші мәселе қоғамдық денсаулық қауіпсіздігі болса, екіншісі қызмет секторын қолдау. Жұмыс орнымыздағы қызметкерлердің жасы да әртүрлі, - деді мейрамхана иесі Юсуф Кесижи.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары