$ 444.22  476.38  4.82

Миллионер ыдыс жуушы болып істеуге мәжбүр

Burgh Island сәнді қонақ үйін басқаратын кәсіпкер Джайлс Фукс жұмыс күшінің жетіспеуіне байланысты қонақтардың ыдыс-аяғын өзі жуып жүр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Англияның оңтүстік-батысындағы Девон округіндегі Burgh Island сәнді қонақ үйін басқаратын кәсіпкер Джайлс Фукс жұмыс күшінің жетіспеуіне байланысты қонақтардың ыдыс-аяғын жууға мәжбүр болды. Коронавирус Біріккен Корольдіктің әйгілі мекемесін мигрантсыз қалдырды, сондықтан британиялық олигархқа үлкен сұранысты өзі атқаруына тура келген. 

Burgh Island қонақ үйі 1929 жылы салынған. Бұл жерге келген қонақтарының арасында Агата Кристи, Уинстон Черчилль, "Битлз" сияқты танымал адамдар бар. Үш жыл бұрын қонақүйдің 70 пайыз үлесін сатып алған миллионер кейінгі демалыс күндерін мекеменің ас үйінде өткізіп жүр.

Үш жыл бұрын қонақүйден үлесті сатып алған 56 жастағы кәсіпкер шетелдік жұмысшылардың кетуіне байланысты кәсібіне түскен қиындықты жеңілдетуге тырысуда. Кәсіпкер бірқатар шектеулерді алып тастағаннан кейін мекеменің қайта ашылуы кезінде қызметкерлердің жетіспеушілігінен жұмысты тоқтата алмады,  қараша айына дейін бөлмелер брондалды. Ол арқасының ауыратынына назар аудармай, ыдыс жууға кірісіп кеткен.

Ұлыбританиядағы қонақжайлылық индустриясын ұсынатын UK Hospitality ұйымы осы аптада пандемиядан туындаған қонақ үй индустриясында 188 мың қызметкердің жетіспейтіндігін мәлімдеді. Көптеген шетелдік жұмысшылар өз елдеріне оралып, сол жерде ақша табуға қалып қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары