$ 498.34  519.72  4.85

Пашинян Бакуге мина қойылған аумақтың картасын берді

Бұған дейін Әзербайжан ақпарат құралдары Баку 15 армян әскери тұтқынын мина жасырынған аумақтың картасына айырбастағанын мәлімдеген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қарабақта мина жасырынған аумақтың бір бөлігінің картасын Бакуге бергенін мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін Әзербайжан ақпарат құралдары Баку 15 армян әскери тұтқынын мина жасырынған аумақтың картасына айырбастағанын мәлімдеген. Ол жерде танкіге қарсы 97 мың мина жасырынғаны айтылған. Кейін Пашинян Гегаркуник облысының тұрғындарымен кездескенде бұл ақпаратты растады.

Кеше армян қоғамы 15 бауырымыздың үйге оралуына қатты қуанды. Алайда оппозиция алаңында аза тұту күні болды. Әзербайжан тарапына мина орналасқан аумақтың картасы берілді. Барлығы емес, бір бөлігі ғана, - деді Пашинян.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары