Қытайлық Сюэли Аббинг альбинизммен дүниеге келді. Қыздың сыртқы келбетінен қорыққан ата-анасы оны ең жақын балалар үйіне апарып, есіктің алдына қалдырып кеткен. Ал 16 жылдан соң сол «қорқынышты» қыз танымал әлемдік сән журналына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Нәресте балалар үйіне түскен соң көп ұзамай оны Нидерландыда тұратын отбасы асырап алады. Олар қыздан ерекше сұлулықты көрген. Асырап алған ата-анасы Сюэлидің бойына сенімділікті сіңіріп, оның өте әдемі екенін үнемі айтып отырған. Осылайша, қыз 11 жасынан бастап модель ретінде жұмыс істей бастады. Осы салада мансап құрып келеді.
«Модельдік бизнесте басқаша көрінеді — бұл қарғыс емес, керісінше, басыңа қонған бақ. Оның үстіне, бұл маған альбинизм туралы көбірек білуіме мүмкіндік береді. Әрине, бойы екі метр және белдері жіңішке модельдер әлі де бар, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында мүмкіндіктері шектеулі жандар мен басқа да ерекшеліктерге ие адамдар да жиі кездеседі. Бұл өте жақсы, бірақ ол әлі нормаға айналған жоқ», – дейді Сюэли Аббинг.
Тағы оқыңыз: «Періште сияқты»: 11 жастағы қыз әлемді таңқалдырды
Сюэли кездейсоқ модель болған. Қыздың анасы Яра Гонконгтан келген дизайнермен сөйлесіп, қызы туралы айтқан. Сол кезде дизайнер «Мінсіз кемшіліктер» атауымен коллекция жасап жүрген. Сюэли осы шоуға қатысып, сән саласындағы мансабын бастаған.
«Ол альбинизм туралы хабардарлықты арттыру және басқаларға мүгедектер де «қарапайым адамдар» екенін және қоғамға белсенді араласа алатынын түсіндіру үшін модель болып жұмыс істейді», – дейді Сюэлидің анасы Яра.
Тағы оқыңыз: Альбинизмге шалдыққан арулардың арманы...
Қазір Сюэли 16 жаста, оның модель ретіндегі мансабы қызығуға тұрарлық. Жақында ол танымал Vogue журналының түсіріліміне қатысты.