АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байден мен Владимир Путиннің саммиті туралы айтты деп хабарлайды zakon.kz.
«Менің ойымша, жалпы бұл жағдайдың бізге берері болмады. Біз жоғары мінберді Ресейге беріп, ештеңе алған жоқпыз. ...Бұл Ресей үшін жақсы күн болды, нәтижесінде не алғанымызды түсінбеймін», – деді Трамп Fox News телеарнасында.
Оның пікірінше, Джо Байден бастаған АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі Ресейдің «Солтүстік ағын-2» газ құбырын салуына кедергі болған жоқ. Сонымен бірге, Трамп Ресейге салынған санкцияларды алып тастағысы келетіндігін айтты, өйткені орыс-америка ынтымақтастығы екі жаққа да тиімді болуы мүмкін.
Путин туралы сөз еткенде экс-президент «онымен шынымен жақсы тіл табысқанын» атап өтті. Сонымен бірге, Трамп өзінен басқа ешкім «Ресейге қатысты аса қаталдық көрсетпегенін» баса айтты.
АҚШ-тың бұрынғы президенті оның әкімшілігі Ресейге қарсы «сонша көп санкциялар» салғанын еске салды. Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы айта отырып, «бұл таңғажайып жағдай болуы мүмкін» деп атап өтті.
«Олар екі ел үшін де шынымен де өзара тиімді болуы мүмкін», – деді Дональд Трамп.
Сонымен бірге, ол Ресейдің АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі екендігіне сенім білдірді.
«Бізге оларда не бар, сол керек. Ресурстарды өндіру тұрғысынан өте құнды аумақтар. Көптеген жақсы жаңалықтар болуы мүмкін», – деді экс-президент.