$ 494.87  520.65  4.91

Тоғыз жыл бұрын ұрланған «Әйелдің басы» табылды

Алайда 2012 жылы аталған картина тағы екі құнды экспонатпен бірге ұрланады.
фото: ғаламтордан
фото: ғаламтордан

 Грекия полициясы осыдан 9 жыл бұрын ұлттық галереядан ұрланған Пабло Пикассоның  картинасын тапты деп жазды NEGE.

Тәртіп сақшылары оны Кератея қаласынан анықтаған. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, күдікті де қолға түсіпті.

Айта кетейік, «Әйелдің басы» деп аталатын туындыны испан суретшісі сонау 1939 жылы салған. Он жыл өте атақты қылқалам шебері оны «Грек халқының Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік басқыншылыққа батыл қарсылығы үшін» Афины мұражайына сыйға тартады. Алайда 2012 жылы аталған картина тағы екі құнды экспонатпен бірге ұрланады.

Сөйтіп бұл қылмыс «ғасыр ұрлығы» деген атпен белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сурет #Грекия