Канаданың Британдық Колумбия провинциясы осымен төртінші күн аптап ыстықтың құрсауында тұр, деп хабарлайды ЭК
ВВС агенттігінің жазуынша, аптап ыстықтың кесірінен Ванкувер қаласында 130 адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың басым бөлігі — егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдар.
Синоптиктер провинцияда +38 — +40 градус деп болжағанымен, сырттағы термометр бағаны +49,5 градусты көрсеткен.
Соңғы рет мұндай ыстық 1937 жылы Саскачеван провинциясында тіркелген екен.