$ 442.05  474.14  4.74

Сочиді нөсер жауыннан кейін су басты

Жексенбіде және дүйсенбіге қараған түні нөсер салдарынан Сочи жағалауына бір айлық жауын-шашын жауды.

Сочиде кеше, 4 шілдеде басталған нөсер салдарынан су тасқыны болды. Херота мен Мацеста өзендеріндегі су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сочи билігі тұрғындарға Адлеровский және Хостинский аудандарында өзен тасыған жағдайда эвакуация болуы мүмкін екенін ескертті. Сочи аумағында Мацеста, Хоста, Кудепста, Хорота өзендері қалыпты деңгейден көтерілген.

Жексенбіде және дүйсенбіге қараған түні нөсер салдарынан Сочи жағалауына бір айлық жауын-шашын жауды, деп хабарлайды Қара және Азов теңіздерінің гидрометеорология және қоршаған ортаны бақылау жөніндегі мамандандырылған орталығы. Жексенбіде күндіз желдің екпіні секундына 24 метрге, дүйсенбіге қараған түні секундына 16 метрге жеткен.

Сочидің Хостин ауданындағы "Алеан Спутник" қонақүйінің және Кудепстегі "Бургас" пансионатының аумақтары нөсер салдарынан су астында қалды.

"Хостин ауданындағы "Алеан Спутник" қонақүйінің маңында өзен арнасына бөренелер тұрып қалды. Бұл - аумақты су басу қаупін тудырады. Қазір мұнда өзен арнасын тазарту аяқталды, су ағыны қалпына келеді... Су тасқыны Кудепстегі "Бургас" пансионаты аймағында да байқалады. Қазір су деңгейі төмендеп келеді", - деді қала әкімшілігіндегілер.

Сочидегі қалалық жағажайларда "шомылуға тыйым салынатыны" көрсетілген белгілер пайда болды. Теңіздегі қатты дауыл әлі басылған жоқ. "Ривьера" қалалық жағажайына ағынмен келген ағаштар мен бұтақтар, қоқыстар жиналып қалған.

Қала әкімшілігінің мәліметі бойынша, жауын-шашын мен қатты жел салдарынан Адлер және Хостин аудандарының жағажайлары айтарлықтай зардап шеккен.

"Жағажайды тазарту жұмыстары ауа райы тұрақталған кезде аяқталады. Сочи курортының барлық жағажайы дауылдың алдын алуға байланысты жабылды. Шомылуға тыйым салынған. Ақпараттық аншлагтар қойылып, құтқарушы-матростардың кезекшілігі күшейтілді", - деді әкімшілік өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары